KitchenAid KCBSX 60600 Instrucciones de uso Pagina 13

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 24
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 12
13
Сусындарды тез салқындату
Машина іске қосылып және “дайын” режимінде болған кезде түймесін басыңыз. Түйме
шамдары үздіксіз жанып тұрады және 4-ші дисплей “Жұмсақ” режимін көрсетеді, ал 5-ші дисплей 3
с
анын көрсетеді (3 = 3°C).
10/15 минут өткеннен соң түймесін басып, АЙНАЛЫМДЫ ҚОЛМЕН ТОҚТАТЫҢЫЗ.
Тоңазытқыш “дайын” күйіне қайта келеді және сол кезде суыған сусындарды алып шығу мүмкін
болады.
Айналымдардың басталуы
Құрылғы есігінің нық жабылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін қалайтын айналымды бастау үшін
түймесін басыңыз.
Маңызды! Құрылғының зақымдануын болдырмау үшін ыстық тағамдарды камераның ішінде ұзақ
уақыт ұстамай, тез тоңазыту, тез мұздату немесе сусындарды салқындату айналымдарының бірін
бірден бастаңыз.
Маңызды! Егер төтенше жағдайда айналымды
алдын ала тоқтату қажет болса, түймесін басып
ұстап тұрыңыз.
Айналымды бастағаннан кейін “уақыт” және
“термопіскі” белгілері 2 минут бойы жыпықтайды
(минуттар 4-ші дисплейде көрсетіледі), егер
“термопіскі” тағамға енгізілген болса, сол уақыт
аралығында тез тоңазыту аяқталады (5 сурет). 5-ші дисплей піскінің температурасын көрсетеді
(бөлме температурасы). Бұдан кейін тек таңдалған тез тоңазыту режимінің белгісі ( белгісі немесе
) ғана тұрақты жанып тұрады.
Егер айналым автоматты түрде “уақыт” режиміне реттелген болса, 4-ші дисплей айналымның
аяқталуына дейін қалған уақытты көрсетеді (Қатаң және Жұмсақ айналым кезінде 90 минут /
мұздату үшін 270 минут), ал 5-ші дисплей болса ішкі камераның температурасын көрсетеді.
Егер айналым автоматты түрде “термопіскі” режиміне реттелген болса, 4-ші дисплей айналым
басталғаннан кейін қанша уақыт өткенін көрсетсе, 5-ші дисплей “термопіскінің” температурасын
көрсетеді.
“Уақыт” режимінде айналым 90 / 270 минуттан кейін аяқталады немесе “термопіскі” режимінде
өзектегі температура 3°C / -18°C жеткенде аяқталады.
Маңызды! Айналымның ұзақтығына тағамның түрі, оның қалыңдығы, өлшемі, бастапқы
температурасы немесе қолданылған ыдыс түрі сияқты көптеген факторлар әсер етеді.
Салқындату айналымының соңында түйме жыпықтай бастайды және құрылғы “сақтау” режиміне
ауысады. Бұл кезеңде түймесін басып ұстап тұру арқылы сақтау айналымын тоқтату мүмкін
болады және құрылғы “дайын” режиміне ауысады. Тағамдарды ішкі камерадан алып шығып,
оларды тоңазытқышта немесе мұздатқышта сақтауға болады.
ТЕЗ САЛҚЫНДАТЫЛҒАН НЕМЕСЕ МҰЗДАТЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ САҚТАУ
Тез салқындатылған және/немесе тез мұздатылған тағамды тез тоңазытқыштың ішінде сақтауға
БОЛМАЙДЫ, оның орнына тағамның бетін қорғап жауып (пластикпен, ауа өткізбейтін қақпақпен,
вакуумды болса тіпті жақсы) тоңазытқыштың немесе мұздатқыштың ішіне қою керек.
Тез салқындатылған тағамды тоңазытатын шыны камерасында, +2°C тұрақты температурасында
сақтау қажет.
Тез мұздатылған тағамды тоңазытатын шыны камерасында, -20°C тұрақты температурасында
сақтау қажет.
Сурет 5
Vista de pagina 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 23 24

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios