
9
Ауа бақылағышы жайлы мағлұмат
Ауа бақылағышы (қолжетімді емес, көзге көрінбейді және пайдаланушы оны ауыстыра алмайды)
камера ішіндегі ауа температурасын үздіксіз бақылап тұрады.
О
ның қызметтері:
• қауіпсіздікті тексеру
• тез тоңазыту мен тез мұздату айналыстарынан кейін, “сақтау тәртібі” кезінде камера ішіндегі
тұрақты температураны ұстап тұру.
Ыдыстар мен қақпақтар
Барынша таяз яғни 65 мм аспайтын табақтар мен шұңғылдарды қолдануға кеңес беріледі. Табақтар
мен шұңғылдардың бетін қақпақпен немесе үлдірмен жаппаңыз: тағамның суық ауамен жанасатын
аумағы неғұрлым кең болса, соғұрлым аз тоңазыту уақытын талап етеді.
Маңызды! Ыдыстардың төмен температурада (-40°C) қолдануға жарамды екеніне көз жеткізіңіз.
Машинаны толтыру
Жылдам салқындатылатын және/немесе мұздатылатын тағамдардың жиектен аспауын және олардың
қалыңдығы 5-8 см аспауын қадағалаңыз. Машинаны өндірушінің талабы бойынша, шамадан тыс
толтырмаңыз:
Тез тоңазыту: 7 кг немесе
Тез мұздату: 4 кг
Ауа өткізгіштігінің жеткілікті түрде және де барлық темір торларға әсер етуін қамтамасыз ету үшін,
табақтардың арасында жетерліктей арақашықтық бар екеніне көз жеткізіңіз.
Темір торға түсетін салмақ 5 кг аспау керек.
Тағам температурасы
Маңызды! Тез тоңазыту мен тез мұздатуға арналған піскен тағамдарды бөлме температурасында
ұзақ уақыт сақтамауға тырысыңыз. Егер тағамдар бөлме температурасында сақталса, олар келесі
теріс өзгерістерге ұшырайды:
- олар ылғалын жоғалтады
- олар бастапқы қасиеттерін жоғалтады (түсі, иісі, дәмі және т.б.)
- бактерия жұқтыру мүмкіндігі артады
Осы себептерге байланысты, тез тоңазыту және/немесе тез мұздату айналыстарын тағамды әзірлеп
және/немесе пісіріп болған сәтте дереу бастаған дұрыс. Салқындату айналымы өнімнің
температурасы 70°/80°C аспайтын кезде басталуы қажет.
Маңызды! Егер ыдыстар өте жоғары температурада (80°C жоғары) қолданылатын болса, вакуум
камерасын (мысалы, іші бос болғанда) алдын ала салқындатып алған дұрыс, және ыдысты тікелей
оның түбіне емес, берілген тор темірлерге қойған жөн.
Comentarios a estos manuales