11
- Қауіпсіздік қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Келесі әрекеттерді орындау алдында пештің салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Құрылғыны қуат көзінен ағытыңыз.
ЕСІКТІ АҒЫТЫП АЛУ
Есікті ағытып алу үшін:
1. Есікті толық ашыңыз.
2. Бекітпелерін көтеріп, алға қарай шегіне дейін итеріңіз 1-сурет).
3. Есікті толық жабыңыз да, (A), көтеріңіз (B) және оны босағанша (C)
айналдырыңыз (D) (2-суреті).
Есікті қайта салу үшін:
1. Топсаларын орындарына
салыңыз.
2. Есікті толық ашыңыз.
3. Екі бекітпені төмендетіңіз.
4. Есікті жабыңыз.
БҮЙІРЛІК ТОРЛАРДЫ АЛУ
Бүйірлік керек-жарақтарды ұстайтын торлар, барынша орнықты
болу үшін екі (3-сурет) бекіткіш бұрандамен жабдықталған.
1. Тиынның немесе арнайы құралдың көмегімен оң жақ пен сол
жақтағы бұрандаларды және тиісті дискілерді 4-сурет)
алыңыз.
2. Торларды алу үшін 5-суретте көрсетілгендей жоғары
көтеріңіз (1) және (2) бұраңыз.
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
Артқы шамды ауыстыру үшін (егер бар болса):
1. Пешті қуат көзінен ағытыңыз.
2. Шамның қақпағын бұрап ағытып, шамды ауыстырыңыз да
(шамның түріне қатысты ескертпені қараңыз), шамның
қақпағын қайта орнына бұраңыз.
3. Пешті қуат көзіне қайта қосыңыз
Ескертпе:
- 25-40Вт/230В, E-14, T300°C түріндегі қатты қызатын
шамдарды немесе 20-40Вт/230 В, G9 түріндегі T300°C галоген
шамдарын ғана пайдаланыңыз.
- Осы құрылғыда пайдаланылған шам электр құрылғылары
үшін арнайы жасалған және бөлмені жарықтандыру үшін
пайдалануға жарамайды (Комиссия стандарты (ES) №
244/2009).
- Шамдарды тұтынушыларға қызмет көрсету орталығынан
алуға болады.
МАҢЫЗДЫ:
- Егер галоген шамдарын пайдалансаңыз, жалаңаш қолмен
ұстамаңыз, себебі оларға саусақ дақтары зақым келтіруі мүмкін.
- Пешті шамның қақпағын қайта орнына салғанша пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ
Күтім көрсету
(1-сурет)
(2-сурет)
(3-сурет)
Comentarios a estos manuales