ДИСПЛЕЙДІҢ СИПАТТАМАСЫ
A. Әр түрлі пісіру функциялары кезінде қосылған қыздыру элементтерінің дисплейі
B. Уақытты басқару белгілері: таймер, пісіру уақыты, пісіру уақытының аяқталуы, уақыт
C. Таңдалған функцияларға қатысты ақпарат
D. Автоматты BREAD/PIZZA (НАН/ПИЦЦА) функциясы таңдалды
E. Автоматты тазалау циклы кезінде есіктің бекітулі тұрғанын көрсетеді (пиролитпен тазалау)
F. Пештің ішкі температурасы
G. Пиролитпен тазалау функциясы (бұл үлгіде жоқ)
H. Қызарту
I. Арнайы функциялар: жібіту, жылы ұстау, Йогурт, қамыр тындыру, Етті баяу пісіру, Балықты
баяу пісіру, Эко желдеткішпен пісіру.
ПЕШТІ ІСКЕ ҚОСУ - ТІЛДІ ОРНАТУ
Пешті ең алғаш рет іске қосқан кезде дисплейде ENGLISH (АҒЫЛШЫН ТІЛІ) жазуы пайда
болады. Дисплейде қажетті тіл пайда болғанша Browse (Шарлау) тетігін бұрап, содан кейін
түймешігін басып растаңыз.
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Тілді орнатқаннан кейін сағаттың уақытын қою керек. Дисплейде екі саннан тұратын сағат
жыпылықтайды.
1. Дұрыс сағат уақытын таңдау үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
2. түймешігін басып растаңыз; дисплейде екі саннан тұратын минут жыпылықтайды.
3. Дұрыс минутты таңдау үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
4. түймешігін басып растаңыз.
Уақытты мысалы тоқ сөніп қалғаннан кейін өзгерту үшін келесі параграфты қараңыз
(ПАРАМЕТРЛЕР).
ПІСІРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ТАҢДАУ
1. “Functions” (Функциялар) тетігін қажетті функцияға бұраңыз: дисплейде пісіру параметрлері
пайда болады.
2. Егер қажетті мәндер көрінсе, түймешігін басыңыз. Оларды өзгерту үшін төменде
көрсетілген әрекеттерді орындаңыз.
Comentarios a estos manuales