KitchenAid AGB 556/WP Instrucciones de uso Pagina 25

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 28
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 24
25
Пісіру кестесін қалай оқу керек
Кестеде бір немесе бірнеше сөреде қатар пісірілетін тағам үшін пайдалануға барынша сай
келетін функция көрсетіледі. Пісіру уақыты тағам пешке қойылған кезден басталады,
алдын ала қыздыру уақыты кірмейді (қажет болса). Пісіру температуралары мен
уақыттары тек жалпылама ұсыныс ретінде ғана берілген және тағамның мөлшеріне,
қолданылған керек-жараққа байланысты. Ұсынылған ең төмен параметрді пайдаланып
бастаңыз, егер тағам жеткілікті піспесе, жоғарырақ параметрлерді пайдаланыңыз.
Жинақпен бірге берілген керек-жарақтарды пайдаланыңыз, мүмкіндігінше баран түсті
темір торт қалыптарын және пеш науаларын пайдаланыңыз. Сонымен қатар, пирекс
немесе керамика ыдыстарды пайдаланыңыз, бірақ пісіру уақыттары ұзағырақ болатынын
ескеріңіз. Барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әр түрлі сөрелерге қойылатын
керек-жарақтарды таңдаған кезде пісіру кестесіндегі ұсынысты (жинақпен беріледі)
мұқият орындаңыз.
Әр түрлі тағамдарды бір уақытта пісіру
FORCED AIR (ЖЕЛДЕТКІШПЕН ПІСІРУ) функциясын пайдаланып бір уақытта бірдей пісіру
температурасын қажет ететін әр түрлі тағамдарды (мысалы, балық және көкөністер) әр
түрлі сөрелерді пайдаланып пісіруге болады. Азырақ пісіру уақытын қажет ететін тағамды
пештен алып, ұзағырақ пісіру уақытын қажет ететін тағамды қалдырыңыз.
Десерттер
- Нәзік десерттерді дәстүрлі функциямен бір сөреде ғана пісіріңіз. Баран түсті темір
қалыптарды пайдаланып, олады әрқашан жинақпен бірге берілген тор сөренің үстіне
қойыңыз. Бірнеше сөреге қойып пісіру үшін желдеткішпен пісіру функциясын таңдап,
торт қалыптарын сөрелерге орналастырып, ыстық ауаның барынша жылдам айналуына
мүмкіндік беріңіз.
- Көтеріліп тұрған торттың піскен-піспегенін тексеру үшін торттың ортасына ағаш тіс
тазалайтын талды сұғыңыз. Егер тіз тазалайтын талды алған кезде таза болса, торт
дайын.
- Зат жабыспайтын торт қалыптарын пайдалансаңыз, жиектерін майламаңыз, себебі,
торттың шеттері біркелкі көтерілмеуі мүмкін.
- Торт пісіру барысында “отырып” қалса, келесі жолы төменірек температураны
орнатыңыз және қоспаның суын азайтып, оны барынша баппен араластыру қажет
болуы мүмкін.
- Сұйық толтырмасы бар тәтті тағамдар үшін (чизкейк немесе жеміс бәліштері)
“CONVECTION BAKE” (КОНВЕКЦИЯМЕН ПІСІРУ) функциясын пайдаланыңыз. Егер
торттың астыңғы жағы сулы болса, толтырмасын салудың алдында температураны
төмендетіп, торттың астыңғы жағына нанның немесе печеньенің қоқымдарын себіңіз.
Meat (Ет)
- Пісірілетін еттің мөлшеріне сәйкес келетін пеш науасын немесе пирекс ыдысын
пайдаланыңыз. Ет кесектерін қуыру үшін тағамның астына шамалы сорпа қосып, пісіру
кезінде еттің дәм-татымын келтіруге болады. Қуырылған ет дайын болған кезде тағы
10-15 минут қойыңыз немесе алюминий жұқалтырға ораңыз.
- Еттен гриль жасағыңыз келсе, біркелкі нәтижеге қол жеткізу үшін барлық жері бірдей
қалың кесектерді таңдаңыз. Еттің өте қалың кесегін пісіру үшін ұзақ уақыт қажет.
Еттің сыртқы жағы күйіп кетпеу үшін сөренің деңгейін төмендетіп, тағамды грильден
алыс ұстаңыз. Етті пісіру уақытының үштен екісі өткен кезде аударыңыз.
Тағамның сөлін жинау үшін жарты литр су құйылған май жинайтын табаны ет қойылған
грильдің астына тура қойыңыз. Қажет болса тағы құйыңыз.
Ұсынылатын пайдалану жолы және ақыл-кеңес
Vista de pagina 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios