16
Пешті пайдалануға қатысты нұсқаулар
ТЕМПЕРАТУРА/ГРИЛЬ ШЫҒЫСЫ ПАРАМЕТРІН ОРНАТУ
Температураны немесе гриль шығысын орнату үшін келесі әрекетті орындаңыз:
1. Қажетті мәнді экранға шығару үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
2. түймешігін басып растаңыз.
FAST PREHEATING (ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ)
1.
Алдын ала қыздыру функциясын таңдау үшін “Functions” (Функциялар) тетігін бұраңыз
2. түймешігін басып растаңыз: параметрлер дисплейден көрінеді.
3. Егер сіз қалайтын температура ұсынылса, түймешігін басыңыз. Температураны
өзгерту үшін алдыңғы тармақтарда сипатталған әрекеттерді орындаңыз. Дисплейде
PRE хабары пайда болады. Орнатылған температураға жеткен кезде (мысалы, 200°C),
дисплейде тиісті мән пайда болады да, дыбыстық сигнал естіледі. Алдын ала қыздыру
циклының соңына келгенде, пеш дәстүрлі функцияны автоматты түрде таңдайды. Осы
кезде тағамды пісіру үшін пешке салуға болады.
4. Егер басқа пісіру функциясын орнатқыңыз келсе “Functions” (Функциялар) тетігін бұрап,
қажетті функцияны таңдаңыз.
ПІСІРУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ
Бұл функцияны тағамды ең кемінде 1 минуттан бастап, таңдалған функция рұқсат ететін
ең көп уақытқа дейін, алдын ала орнатылған уақыт бойынша пісіру үшін қолдануға болады,
осы уақыт өткенде пеш автоматты түрде сөнеді.
1. Температураны растағаннан кейін жыпылықтайды.
2. Экраннан қажетті пісіру уақытын көрсету үшін “Browse” (Шарлау) тетігін бұраңыз.
3. Пісіру уақытын растау үшін түймешігін басыңыз.
ПІСІРУДІ АЯҚТАУ / КЕШІКТІРІП БАСТАУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ
МАҢЫЗДЫ: келесі функцияларда кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істемейді:
FAST PREHEATING, BREAD/PIZZA (ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ, НАН/ПИЦЦА).
Ескертпе: осы параметрдің көмегімен таңдалған функцияға біртіндеп жетуге болады,
сондықтан пісіру уақыттары пісіру кестесіне қарағанда сәл ұзағырақ болады.
Тағам пісіруді аяқтайтын уақытты, тағам пісіруді ең көбі 23 сағат 59 минутқа дейін кешіктіру
арқылы орнатуға болады. Бұны пісіру уақытын орнатқаннан кейін ғана орнатуға болады.
Пісіру уақытын орнатқаннан кейін дисплейде пісіруді аяқтау уақыты (мысалы, 15:45) және
белгісі көрінеді.
Comentarios a estos manuales